Жапонияда жер сілкінісі болды

/uploads/thumbnail/20170716220422639_small.jpg

Жапонияның оңтүстік-батысында 5,2 балдық жер сілкінісі болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Басты метеорологиялық басқармаға сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің орталығы Кагосима шығанағында 10 шаршы шақырым тереңдікте болған. Кагосимада 5 балдық, ал жапондық өлшем бойынша 7 балдық жер асты дүмпуі сезілді. Сонымен қатар, тағы 4 префектура тұрғындары жер сілкінісін сезді.

Мамандар цунами болмайды деп отыр. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ешқандай ақпарат жоқ.

 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар