«КХДР-де зымыранды қайта ұшыратындай технология жоқ»

/uploads/thumbnail/20170716220430703_small.jpg

Оңтүстік кореялық барлау тобы КХДР зымыран ұшырғаннан кейін, соған байланысты ақпараттың барлығын  сүзгіден өткізіп, қорытынды жасады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

КХДР-де құрылық аралық баллистикалық зымыранды ауаға қайта ұшыратындай технология жоқ. Бұл оңтүстік кореялық барлау тобының қорытындысы. Қажетті технологияның жоқтығы зымыран қайта ұшырылған жағдайда қатты қызғандықтан зымыран күйреуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, КХДР шілде айының басында Хвасон-14 зымыранын ұшырды. Солтүстік Кореяның мәліметінше, зымыранның ұшқандағы жеткен ең биік нүктесі  2801 шаршы шақырымды құраған. Қашықтық – 933 шақырым. Жапонияның қорғаныс министрлігінің мәліметінше, зымыран 933 шақырым жүріп өтіп, Жапония жағалауына 300 шақырым жетпей құлаған.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

 

Қатысты Мақалалар