Алматыда жас жігіт екі православ шіркеуін таспен атқылады

/uploads/thumbnail/20170716220453295_small.jpg

Полиция хабарлағандай, түнгі сағат бірден кете белгісіз бір жас жігіт 28 панфиловшылар паркінде орналасқан Свято-Вознесенский кафедралды соборының терезесін таспен атып, қиратқан, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі  Қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарты сағаттан соң ер адам Алатау ауылындағы Петр және Павел киелі апостолдар ғибадатханасына жетіп, терезесін сындырған.

Жедел қызметкерлер бейнекамера арқылы күдіктіні ұстап алды. Ол 1984 жылы туған Иванов Л. есімді азамат екен. Қолға түскен ер адамның көлігінен жұмыр тастар табылған.

Полицияның берген мәліметінше, ер адам айыбын мойындап отыр. Дін қызметшілерімен кикілжіңге келіп, осылайша өш алмақ болғанын айтты.

Шолушы: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар