ҚАЗАҚ БАЛАСЫНЫҢ АТЫМЕН ҰШАҚ ЖАРЫҚҚА ШЫҒАТЫН БОЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170716220453812_small.jpg

Қазақстан әншісі Димаш Құдайбергеннің атымен енді ұшақ жарыққа шығады, деп хабарлайды Қамшы ақпарат агенттігі. Аталмыш хабармен Димаш Құдайбергеннің досы Алпамыс Шәрімов бөлісті.

 "TianDao компаниясы Eastern company-мен бірге жеке тапсырысқа ұшақ шығаратын болды. Бұл ұшақ "Moonlight blade" онлайн ойыны желісіне арналмақ. Димаш осы ойынға "Уақыт-теңіз" атты саундтрек жазған болатын. 22 тамызда өзінің алғашқы рейсін Шанxайдан Пекинге орындайтын аталмыш ұшақта Димаштың бейнесі жарыққа шығатын болады. Үлкен әуе кемесі енді Қазақстан әншісі Димаш Құдайбергеннің атымен брендке айналмақ", - деп жазды ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында. 

Димаш Құдайберген қазақтың маңдайына біткен талант. Қытайда өткен I am singer байқауыннда өз өнерін сынға салып, озып шыққан қазақ баласы бүгінде әлемге танымал. 

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар