22 жастағы қызды өзінен үш жасқа кіші жігіт зорлаған

/uploads/thumbnail/20170716220455044_small.jpg

Оқиға 2 шілде күні Қостанай қаласындағы саябақтардың бірінде орын алған. Аталмыш ақпаратты Қостанай қалалық прокуратурасының басшысы Қайрат Жүсіпов растады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Alau.kz сайтына сілтеме жасап.

3 шілде күні Қостанай ІІБ бөліміне 22 жастағы қыздан арыз келіп түскен. Жақын танымайтын жігітке қатысты қандай да бір шара қолдануын сұрайды.

«Оқиға 2 шілде күні сағат 2:30 шамасында орын алған. Екеуі бірге алкогольді ішімдік ішкеннен кейін жігіт қызға тап беріп, еркінен тыс зорлыққа жыққан. Оперативті тергеу жұмыстарының нәтижесінде, Қостанай ІІБ бөлімшесіне 1998 жылғы ер жігіт жеткізілді», - дейді Қайрат Жүспов.

Тергеу жұмыстары барысында 19 жастағы жігіт өзінің кінәсін мойындап, 2 шілде күні сол қызбен бірге алкогольді ішімдік ішкендігін айтқан. Бірнеше уақыт өткеннен кейін ол қыздың қарсыласқандығына қарамастан онымен жақын қатынасқа түскен.

Қазір осы іске қатысты медициналық экпсертиза тағайындалды.

Қатысты Мақалалар