ДАИШ террористік тобының содырлары ұйым басшысы Абу Бакр әл-Бағдадидің қайтыс болғандығы жайлы ақпаратты растады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Бұл жайында ақпарат жергілікті Al Sumaria телеарнасында жарияланған.
Бірнеше күн бұрын Ресей Қорғаныс министрлігінде әл-Бағдади 28 мамыр күні Ракки аймағына Ресейдің жасаған соққысының салдарынан қаза тапты деген ақпарат жарияланған болатын. Шабуылдың нәтижесінде, 330 содыр өлтірілген. Маусым айының соңына қарай ирандық телеарналарда ДАИШ террористік ұйымының басшысы болуы мүмкін деген атпен суреттер жария болған.
Абу Бакр әл-Бағдади (шын есімі – Ибрагим Авад Ибрагим әл-Бадри) 2014 жылдың шілде айында Таяу Шығыстағы «Ислам халифатын» жария еткен болатын. Ол 1971 жылы Иракта туылып, тегерандық Ислам университетінде білім алған және Бағдад мешіттерінің бірінде имам болған, кейіннен террористердің қатарына қосылып, «Аль-Каиданың» Ирактағы бөлімін басқарған. Кейіннен ол басқарған ұйым ДАИШ атты ұйымға айналып, Аль-Каидадан бөлініп шыққан. 2014 жылы террористер Ирак пен Сирияның солтүстігін басып алып, Ракки қаласын өздернің астанасы етіп, ал әл-Бағдадиді «Халиф Ибрагим» деп атап кеткен.