Дональд Трамп «Үлкен жиырмалық» саммитінен оралғаннан кейін жаңа мәселеге тап болды. АҚШ-тағы президенттік сайлауға бірнеше ай қалғанда оның үлкен ұлы Нью-Йоркте ресейлік заңгермен кездескен. Ол Трамптың ұлына Демократиялық партияның атынан сайлауға түсетін Хиллари Клинтонға қарсы компромат беруге уәде берген деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі New York Times-қа сілтеме жасап.
Сенбі күні аталмыш газет 2016 жылдың 9 маусымында Кіші Дональд Трамп, Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер және сол уақытта Трамптың сайлау штабының басшысы болған Пол Манафорт "Трамп-тауэрде" ресейлік заңгер Наталия Весельницкаямен кездескенін жазды. New York Times-тың мәліметінше, оның Ресеймен байланысы бар.
Кіші Дональд Трамп Весельницкаямен кездескенін мойындады, алайда маңызды ақпарат бермегін айтады. Десек те, тергеушілер Кіші Дональд Трамптың расымен де Ресеймен байланысы болуы мүмкін заңгерден Хиллари Клинтонға қарсы мағлұмат алғысы келді ме деген сұраққа жауап іздейді.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет