АҚШ-та жаңа реформаға қарсы 80 адам ереуілге шықты

/uploads/thumbnail/20170716220512283_small.jpg

АҚШ-та денсаулық сақтау саласындағы жаңа реформаға қарсы бір топ адам Конгресс ғимаратына басып кіріп, ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Тәртіпсіздіктерге байланысты полицейлер 80 адамды қамауға алған. Айта кеткен жөн, бұған дейін АҚШ Конгресінің төменгі палатасы бұрынғы президент Барак Обама әкімшілігі дайындаған «Обамакэя» жобасын алып тастау үшін дауыс берген. Міндетті медициналық сақтандыруды көздейтін құжат тұрмысы төмен халықтың мүддесін қорғауға бағытталған еді. Алайда Дональд Трамптың айтуынша, бұл бюджетке көп шығын келтіреді. Сондықтан Ақ үй басшысы денсаулық сақтау бағдарламаларын қаржыландыруды қысқартатынын жария еткен.

Шолушы: Айгерім Таубай
 

Қатысты Мақалалар