Сауд Арабиясында оқушы қыздарға дене шынықтыру пәніне қатысуға рұқсат етілді

/uploads/thumbnail/20170716220512972_small.jpg

Сауд Арабиясында мемлекеттік мектептерде оқушы қыздарға дене шынықтыру сабағына қатысуға рұқсат етілді. Келесі жылдан бастап қыз балалар денеге шынықтыруға қатыса алады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі РБК-ға сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін дене шынықтыру пәніне мемлекеттік мектептердің оқушы қыздары қатыса алмайтын.

Сауд Арабиясында діни заңдар аса қатал қадағаланады. Мәселен, әйел адамдар көшеге ер адамның қарауынсыз шықпайды. Осы орайда мектептерде оқушы қыздарды дене шынықтыру пәніне қатыстыру  мәселесі ұзақ уақыт талқыланған болатын.

Қатысты Мақалалар