Ақтөбеде әйел жерленген зиратта тағы бір ер адамның мәйіті табылған

/uploads/thumbnail/20170716220542212_small.jpg

Ақтөбе облысының Алға ауданы, Еркінкүш ауылы маңындағы бейітте бір жерге екінші адамның жерленгені анықталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр. Бейітке тағы бір адам аруланып жерленген екен. Қазақтың салт-дәстүрі сақталған, бірақ аты-жөні жазылмаған, құжаты жоқ. Іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Жерленген адамның қабірінің үстіне белгісіз бір әйел адамды көміп кеткен»,- деді Алға ауданы әкімінің орынбасары Әнуарбек Жеңісұлы. 

Айта кетейік, оқиға Еркінкүш ауылы маңындағы бейітте болды. Бейіттегі өзгерісті бұрын жерленген адамның туған-туыстары біліп, кейін полицияға хабар берген.


 

Қатысты Мақалалар