Тайландта ауыр қылмыс жасаған үш қыз жұлдызға айналды. Олар туралы шетелдік БАҚ жарыса жазуда, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Life.ru сайтына сілтеме жасап.
24 жастағы Приянух Нонвангчаи екі құрбысымен бірге караоке-барда жұмыс істеген қызды аяусыз өлтірген. Кейіннен оның денесін екіге бөліп, көміп тастаған.
Қыздардың бұл қылмыстары әшкере болып, олар қолға түсті. Тергеу барысында өздерінің қылмыстарын мойындап, оқиғаның мән-жайын айтып берген.
Қолға түскен үш қыздың бірі жігітінің есірткі саудасымен айналысқандығы үшін тұтқындалғандығын естігеннен соң ашуын кімнен аларын білмей, көзіне көрінген қызға тап берген. Оны қылқындырып өлтіріп, денесін екіге бөліп тастаған.
Приянух Нонвангчаиге өзінің екі құрбысы – 25 жастағы Кавита Ратчада мен 28 жастағы Апиоунт Сатаябундит көмектескен.
Тайланд жұрты қылмыскер қыздардың сұлулығына сұқтанып, олардың суреттерін жабыстырып түрлі сувенир, мүсіндер жасап, сатылымға қойған. Ол қыздардың полиция бөлімінде күліп, тергеу алдында макияж жасап отырған суреттері интернет желісінде кеңінен таралып кетті.


