«Астана арландары» командасының «Куба қабыландарына» қарсы дайындығы қалай? (фото)

/uploads/thumbnail/20170716220550974_small.jpg

Елордалық «Астана арландары» командасы «Куба қабыландарына» қарсы өтетін Бүкіләлемдік бокс сериясының WSB жобасы бойынша финалдық кездесуі алдында журналистер мен жанкүйерлер үшін ашық жаттығу өткізді, деп хабарлайды qamshy.kz.

Финалдық кездесу 15 шілді күні Астана қаласында өтеді. 75 келіде Әбілхан Аманқұлдың жарақатына қарамай жекпе-жекке шығатынын және бұл кездесуге қатысатын «Арландармен» олардың қарсыластарының тізімін жариялаған болатынбыз.

Алда өтетін қиянкескі шайқас жайлы белгілі ақын, спорт журналисі Табиғат Абаилдаев төмендегідей болжамын жасады.

Бұл «Астана арландары» 2 дүркін чемпион болған сәттегі құрам. Есеп 6:4 болған. Осы жолы да жеңістің туын желбірететін мүмкіндік мол.

Алдағы  сенбіде қолғап түйістіретін 49 келідегі Теміртас Жүсіпов 2015 жылы Аргилагосты 3:0 есебімен талқандаған (50:45,50:45,50:45); Тағы да қайталауы керек;

 52 келідегі Олжас Сәттібаев Иосбани Вейтианы 3:0 есебімен оңай ұтқан (49:46,49:46,49:46); Тағы да қайталауы керек;

 56 келідегі Қайрат Ералиев Робейси Рамиреске 1:2 есебімен есе жіберген. Биыл Ілияс Сүлейменов Хавьер Ибанеспен қолғап түйістіреді.

 60 келідегі Зәкір Сафиуллин Лазаро Альварестен есе қайтаруға тырысады. Екі жыл бұрын Зәкір бұл серияда бірнеше рет ұтылса, биыл қарсыластарын қиратып келеді, Яғни, өсу, өркендеу бар.

 64 келідегі Ділмұрат Міжитовтан да үміт күтеміз. Энди Круз сөзсіз мықты. Қазақ баласы да қарап қалмауы керек. Өйткені 2 жыл бұрын Бәшенов Толедоны ұтқан болатын;

 69 келідегі сыралғы қарсыластар Асланбек Шымбергенов пен Сотолонга тағы да төбелеседі. Аслан тағы да ұтса дейміз;

 75 келідегі Әбілхан Аманқұл Мейірім Нұрсұлтановтың жеңісті жорығын қайталауға қауқарлы. Мейірім Әлем чемпионы (кейіннен Олимпиада чемпионы атанды) Арлен Кардонды тізе бүктірген. Әбілхан даңқты қарсыласын ұтса, атағы дүркірейді;

 81 келіде шанс 25:75 Ла Круз өте айлакер. Бірақ Арман Рысбек өзін дәлелдеу үшін барын салады деген ойдамыз.

 91 келіде Антон Пинчук те аянбайды. Екі жыл бұрын кеткен Левиттің есесін қайтаруға тырысады. Рас Левит Савоннан есесін Олимпиадада қайтарды. Ну, Пинчук те өзінің осал емес екенін көрсетуі керек.

 91 келідегі Олжас Бұқаев өзін жақсы жағынан көрсетуі тиіс деген ойдамыз. Куба боксшысын ұрып жыққан легионер Хрговичтен кем емеспін дегісі келетін шығар. Дычко да ұтқан кубалықты.

Қысқасы, үш дүркін чемпион болатын шанс бар. Қалғанын уақыт көрсетер...

Ұларбек Дәлейұлы

Қатысты Мақалалар