Катар билігі Түрік әскерінің елдің әскери аймағына кіргенін хабарлады. Жақына Катарға түрік әскерилерінің бірінші бөлігі 19 маусымда келгендігі хабарланған болатын. Катарда Түркияның әскери күшін Катарға әскерилерді жаттықтыру мен үйрету мақсатында кіргізілетіндігі 2015 жылғы шарт негізінде жүзеге асады. Катардағы Түркия елшісі аймақта 3000 құрлықтағы солдаттар мен арнайы жасақтар енгізілетіні мәлімделді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпараттық агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп хабарлайды.
Еске салсақ, Сауд Арабиясы, Бахрейн, БАӘ маусым айында Катармен дипломатиялық қарым-қатынасын үзген болатын. Ал Түркия президенті Тайып Эрдоған Катардың изоляциялануына қарсы. Осы орайда ол Катармен қарым-қатынасын дамытатындығын, кризисті келісім мен диалог арқылы шешуге барын салатынын айтқан болатын.