Елордадағы Алтынсарин көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасай отырып.
12-20 шілде аралығында Есенберлин мен Гете көшелері арасындағы жол участкесінде асфальтбетон жабынын қайта салу жүргізіледі. Сондықтан аталған көшеде көлік қозғалысына жартылай шектеу қойылады. Қала әкімшілігі көшелерде кептеліс тудырмас үшін жүргізушілер өз бағыттарын алдын ала белгілеп алуын сұрайды.
Шолушы: Әсел Болатқызы
Пікір қалдыру