Жібек жолы «ақыл-ой орталықтарының» серіктестігі

/uploads/thumbnail/20170716220605457_small.JPG

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтына (ӘЭСИ) Азияның үздік 10 аналитикалық орталықтары қатарына кіретін қытайлық алдыңғы қатарлы think tank – Шанхай халықаралық зерттеулер академиясының вице-президент Ян Цзен бастаған делегациясы келді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар «Үлкен Еуразия» кеңістігіндегі ағымдағы геосаяси үрдістерді, «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуымен үндес «Бір белдеу – бір жол» жобасының дамуын, сондай-ақ, ӘЭСИ мен ШХЗА ортақ ғылыми және зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін талқылады.

ШХЗА өкілдері 2017 жылдың қараша айында өтетін кезекті «Астана клуб» отырысына шақырылды. ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев атап өткендей, «Астана клуб» диалог алаңы аясында бүкіл әлемнің, соның ішінде Азияның алдыңғы қатарлы аналитикалық орталықтары сарапшыларының бірлесіп жұмыс істеуіне жағдай жасау ӘЭСИ үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялы-интеграциялық және гуманитарлық бастамаларын жаһандық деңгейде насихаттау жұмысындағы басым бағыт болып табылады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар