Қазақстандағы ең апатты жол бөлігі анықталды

/uploads/thumbnail/20170716220607357_small.jpg

Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2017 жылдың алғашқы жартысындағы жол апаттылығы мен жарақаттану жағдайы туралы мәліметтерді ұсынды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 айда республика жолдарында 7127 жол-көлік оқиғалары болған. Онда 9992 адам зардап шегіп, 738-і қаза тапқан. Өткен жылдың алғашқы жарты жылдығымен салыстырғанда, жол-көлік оқиғалары 10,7%-ке, зардап шеккендер саны - 10,3%-ке, мерт болғандар саны - 20,5%-ке азайған.

Жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі Алматы, Алматы облысы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында болған. Өлім-жітім жағынан Алматы облысы көш бастап тұр. Аймақ жолдарына 162 адам көз жұмған. Ең үлкен жол-көлік  оқиғасы Ақтөбе облысында тіркелген, онда 9 адам қаза болып, 16 адам зардап шеккен. «Апаттылық картасы» көрсеткендей, Алматы қаласындағы Жандосов-Манас көшелерінің қиылысы Қазақстандағы ең апатты жол бөлігі болып танылды. Онда жыл басынан бері 9 жол-көлік апаты тіркеліп, 10 адам жарақаттанған.

Шолушы: Әсел Болатқызы


 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар