Аспирин дәрісін ішіп көрген болсаңыз дереу мынаны оқыңыз

/uploads/thumbnail/20170716220608153_small.jpg

Ұлыбританияның Эдинбург университетінің ғалымы Питер Сандеркок сау адамдарға аспирин қолданудан бас тартуды ұсынады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ihsan.kz-ке сілтеме жасай отырып. Оның айтуынша, ацетилсалицил қышқылының пайдасынан зияны көп.

Әдетте адам аспиринді жүрек және қатерлі ісік ауру­ларының алдын алу препараты ретінде қолданады. Басы ауырса да ішетіндер көп. Бірақ П.Сан­деркок бастаған ағылшын ғалымдары бұл дәріні адам­дар­дың орынды-орынсыз қолда­нуына тыйым салуды ұсынады. Соның ішінде, оның сау адам­дарға еш қажеті жоқ. Инсультті өткерген немесе тамыр ауруына шалдыққан адамдар ғана қолдануына болады. Мeddaily.ru-дың мәліметінше, онжылдық сынақ кезінде аспиринді қолданған 10 мың науқастың 170-тен астамында дәрінің кері әсері байқалған.

Шолушы: Әсел Болатқызы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар