Антарктидадағы Ларсен С мұз айдынындағы салмағы 1 трлн тонна болатын алып мұздық жарылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдк БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Ақпараттарға сүйенсек, аумағы 6 мың шаршы метрді құрайтын мұздықты ғалымдар он жылға жуық бақылап келген. Сондай-ақ 2020 жылға қарай Антарктидада Ларсен B мұз алаңының жоғалып кетуі туралы осыдан 2 жыл бұрын айтылған болатын. Ал Ларсен А мұз айдыны 1995 жылы толығымен жойылса, Ларсен В аумағы жеті есеге, яғни 11,5 мың шаршы шақырымнан 1,6 мың шаршы шақырымға кішірейген.
Пікір қалдыру