Жыл басынан бері 738 адам жол апатынан көз жұмған

/uploads/thumbnail/20170716220609692_small.jpg

Қазақстанда жарты жылда 738 адам жол апатынан мерт болған, - деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агентігі  Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне сілтеме жасай отырып.
Ағымдағы жылдың 6 айы бойынша еліміздің жолдарында 7127 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 9992 адам зардап шекті, 738-і қаза тапты.Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ЖКО 10,7%-ға, зардап шеккендердің 10,3%-ға, қаза тапқандардың 20,5%-ға төмендеуі байқалады.

Ең көп ЖКО Алматы қаласы, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орын алған.

Адам өлімі бойынша Алматы облысы алдыда тұр, онда 162 адам жол апатында қаза тапқан. Бірінші жартылдық бойынша ең үлкен жол-көлік оқиғасы Ақтөбе облысында болды, онда 16 адам зардап шекті, оның 9-ы қаза тапты.

«Апаттылық картасы» көрсеткендей, Қазақстанда Алматы қаласындағы Жандосов пен Манас көшелерінің қиылысы жол апаты ең көп орын алатын жер болып табылады, онда 9 ЖКО орын алып, 10 адам зардап шеккен.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар