АҚШ сенаты Мәскеуге қарсы санкцияны мақұлдады

/uploads/thumbnail/20170728100039724_small.jpg

АҚШ конгресінің жоғары палатасы Американың ішкі саяси жаулары Ресей, Иран, КХДР-ге қарсы жаңа санкциялары туралы заңнаманы мақұлдады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Заңнаманы сенаторлардың 98%-ы қолдаған, қалған екісі қарсы болды. Енді құжатқа Дональд Трамптың қолы ғана қажет.

Ауқымды құжаттың 184 беті Ресейге арналған: америкалық саясактерлер Мәскеуді Украинадағы қақтығысқа қатысы бар деп айыптайды, сондай-ақ АҚШ және өзге де мемлекеттердің кибер қауіпсіздігіне қастық қылу, сайлау барысында араласу, жемқорлық, адам құқықтарын бұзушылық сынды айыптауларға  толған.

Жаңа заңның ерекшелігі – президент Ресейге қарсы санкциядан бас тартқысы келсе, оған парламенттің рұқсаты қажет.

Трамп Мәскеумен жақындасуға мүмкіндік іздейді, бұл заңға вето қоюмен аяқталуы мүмкін. Алайда аталмыш әрекеті арқылы президент парламентпен қақтығысқа түсуі мүмкін.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар