Алматыда жол апатынан жедел жәрдем көлігі аударылды

/uploads/thumbnail/20170728100841479_small.jpg

Алматыда Рысқұлов даңғылының бойында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел жәрдем көлігі Рысқұлов даңғылмен батысқа қарай жол жүріп бара жатқан. Сол кезде BMW  маркалы автокөлік жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермей оған соқтығысқан. Соқтығысу нәтижесінде жедел жәрдем көлігі жолаушыларымен бірге аударылған. Апат салдарынан 2 адам зардап шекті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар