Алматыдан 456 шақырым жерде жер сілкінісі болды

/uploads/thumbnail/20170725093719873_small.jpg

Алматыда 3 тамыз күні сағат 06:14 шамасында жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-батысында 456 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасы аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық қуаты – 10.7. MPV магнитудасы – 4.9. Тереңдігі – 5 шақырым. Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілген жоқ.   


Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар