Қазақстанда аптап ыстық бұршақ пен дауылға ауысады

/uploads/thumbnail/20170803100414004_small.jpg

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, жел күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп.

Еліміздің Батыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығысында және солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болуы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел 17-22 м/с күшейеді, дауыл болуы мүмкін. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысында тұман күтіледі.

Күндіз Алматы, Атырау, кей жерлерде Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында қатты ыстық ауа райы күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, кей жерлерде Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар