Астанада 25 жас ақынның өлеңі жинаққа енеді

/uploads/thumbnail/20170803094303785_small.jpg

Астана қаласының жас ақындарына мүшәйра жарияланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жыр байқауы − Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналады. «Мәңгілік ел – мұратым!» және  «Мемлекеттік рәміздер мақтанышым!»  тақырыптарына жазылған шығармалар осы жылдың 5 тамызы мен 5 қыркүйек аралығында қабылданады. Мүшәйраның жалпы жүлде қоры 1 200 000 теңге көлемінде. 

Байқаудың ұйымдастырушылары Орталық коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференция өткізді. Мүшәйраның мақсаты мен міндеттері туралы ақын Қалқаман Сарин мен Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов баяндап берді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру шеңберінде жастар арасында ұлттық бірегейлік пен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында өтетін мүшәйраға Астананың жас ақындарын қатысуға шақырамын. Биыл қалалық деңгейде өтетін мүшәйраны болашақта, республикалық, тіпті халықаралық жыр бәйгесіне айналдыруды жоспарлап отырмыз деді,- Асхат Оралов

Үш кезеңнен тұратын мүшәйраға 14 – 29 аралығындағы жас ақындар қатыса алады. Бірінші кезеңде: «Мәңгілік ел мұратым»  мен «Мемлекеттік рәміздер мәртебем» тақырыптарындағы шығармаларды қабылдау жүргізіледі. Екінші және үшінші кезеңде: өтінімдерді қарастыру мен үздік ақындар орнын анықтап, мүшәйраның әділ қазылар алқасының отырысы өткізіледі. Марапаттау рәсімі қыркүйек айында Астана қаласында салтанатты түрде өтеді.

Қабылданған материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Мүшәйра жұмыстары ереже шарттарына сәйкес келмесе, ұйымдастырушылар оларды қабылдамауға құқы бар. Бұл туралы өтінім ұсынылған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде мүшәйраға қатысушыларына хабарлануы тиіс,- деді белгілі ақын Қалқаман Сарин

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы қатысушыларға 

1 орын - 1 адам (300 000 тг);

2 орын- 2 адам (200 000 тг);

3 орын - 3адам (100 000 тг);

Номинация: 4 «ҮЗДІК АҚЫН» (50 000 тг) жүлде тағайындап отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар