Абхазиядағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс салдарынан жарақат алғандар саны 60-қа жетті. Республиканың денсаулық министрлігі ұсынған алдын ала мәліметтер бойынша, жараланғандардың бесеуінің жағдайы аса ауыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп.
Жарылыс салдарынан 50-ден аса адам зардап шекті. Оның 27-сі ауруханаға жеткізілді. Жараланғандардың ішінде 19 Ресей азаматы бар.
Абхазия ІІМ-інің мәлімдеуінше, жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 16:30-да қорғаныс министрлігінің қоймасында болды. Қойма елді мекендерден шалғай орналасқан.
Пікір қалдыру