Кәсіпорындарды техножаңғырту мәселелері бойынша кеңес өтті

/uploads/thumbnail/20170801154750799_small.jpg

Президент халыққа жолдауында "

Үшінші кешенді міндет – еңбек нарығын жаңғырту.

Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босап қалатын болады. Сонымен бірге, жаңа индустрия құрып, дамыту жұмыспен қамтудың және азаматтардың нақты табысын өсірудің қосымша мүмкіндігі болуға тиіс.

Үкімет пен әкімдерге еңбеккерлердің басқа салаларға басқару аясында ауысуы үшін жағдай жасауды тапсырамын.  

Біздің ірі кәсіпорындар әкімдіктермен бірлесе отырып, тиісті жол карталарын әзірлеуі керек. Онда қысқартылатын жұмысшыларды қайта даярлау, оларды әрі қарай жұмыспен қамту үшін бірлесіп инвестиция салу жайы қарастырылуы қажет. Басы артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге, сондай-ақ, ауылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету керек.   

Үкімет жұмыспен қамту орталықтарын реформалап, барлық бос жұмыс орындары мен бүкіл елді мекендерде бірыңғай онлайн платформа қалыптастыруы қажет.", - деп, тапсырма берген еді.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қарағанды облысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында Қазақстанның жүйе құрушы өнеркәсіптік кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды qamshy.kz.

«ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев, «ERG» қадағалау кеңесінің төрағасы Алдияр Қазтаев, «АрселорМиттал ТМД» АҚ бас директоры Калон Парамжит, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Бақтияр Қырықпышев, «Қазмырыш» ЖШС атқарушы директоры Нариман Қуанышев, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров, «Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты» ЖШС бас директоры Т. Мақаев және «Фитохимия» ХҒӨХ» АҚ басқарма төрағасы С. Әдекенов кәсіпорындарды жаңғырту туралы баяндамаларымен таныстырды.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов өңірдің барлық кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту туралы баяндады.

Кеңеске мемлекеттік органдардың, Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл, Павлодар облыстарының әкімдерінің орынбасарлары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚТЖ» АҚ, «Атамекен» ҰКП, Қазақстанның жүйе құрушы кәсіпорындарының, сондай-ақ Қарағанды облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Мәселелерді талқылау барысында компаниялардың өкілдерінің сұрақтарына ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, сондай-ақ ҚР білім және ғылым министрі Е. Сағадиев түсініктемелер беріп өтті.

Негізінен Ресей Федерациясының теңіз көлік инфрақұрылымын Қазақстанның экспортшыларының пайдалану мүмкіндігі, қосарлы білім беру жүйесін жетілдіру, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін қалдықтарды кәдеге жарату мөлшерлемелерін өзгерту секілді тақырыптар қозғалды.

Кеңесте Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдерімен жүйелі түрде кездесулер мен кеңестер өткізіп тұратынын және компаниялардың өз зауыттарында жаңғырту жұмыстарын қалай жүргізуге болатыны туралы нақты жоспарлары бар екенін атап өтуге болатынын айтты.

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев өнімділікті ұлғайту мен тауар сапасын жақсартудан бөлек, жұмысшыларды босату үдерістеріне де ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтты. Осыған орай, әкімдіктер мамандарды экономиканың өсуші секторларына келешекте бағыттау үшін алдын ала жұмыстар жүргізу керек. Олардың қатарында сервистік қызметтер көрсету мен қарапайым заттар экономикасын дамыту бар. Бұдан өзге, адамдар жаңа технологиялар қолданылатын салаларға жұмысқа орналасқан кезде жаңа дағдыларды меңгеруі үшін қайта оқыту жұмыстарын жүргізу керек.

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарға аталған мәселелерді бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ, экспортқа қатысты бірқатар мәселелер алда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы барысында талқыланатын болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар