Рухани жаңғыру: Ғайып пен қырық шілтендер қолдасын

/uploads/thumbnail/20170807084742362_small.png

        «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты Елбасымыздың ұлттық бағдарламасына сәйкес ұлттық мүдде тұрғысынан бірінші Алла деп, екінші «Ғайып Ерен Қырық Шілтендер» жайлы зерттеу еңбегімді сіздердің назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдім:

        Күні бүгінге дейін әлем тарихшыларының да, қазақ тарихшыларының да мәні мен мағынасы жөнінде бір тоқтамға келе алмай жүрген сөзі - Ғайып Ерен Қырық Шілтен. Әңгімеміздің басын солардың сөзінен бастайық:    

  1. «Ғайып ерен қырық шілтен – арабтың, көне түркінің және парсының сөздерінен құралған ғажап тіркес. Арабтың «ғайыбы», «жоқ болып кету», «көзден тасалану» деген мағыналарда жұмсалады. «Шілтен» парсы тілінде «қырық тән немесе қырық дене» деген ұғымды білдіреді. Бұған қоса, мынадай да діни жорамалдар бар. Жалпы, әулиеліктің жеті сатысы бар. Оның ең жоғарғысы – құтып, екінші сатысы – әруақуль муқаддас, үшінші сатысы – Ғайып ерен қырық шілтен болып саналады. Қырық шілтеннің құрамында қырық әулие болады. Әулиелердің ұлықтары Ғайыперен қырық шілтенмен бірігіп, Жаратқанды ұлықтап намаз оқиды екен» (Уикипедия).

      Уәж: Қазақтың Атам заманнан бергі күнделікті қолданыста жүрген өз сөздерін өзінікі деп, айтуға да білімдері жетпеген. Сіздерден ешкім бұл сөздердің парсыша, арабша аудармасын сұраған жоқ. Олай болса, қазақтың барлық киелі сөздерінің аудармасын беріңіздер?

  1. «Көшпелі халықтардың батырлары пір тұтып, сыйынатын исламға дейінгі көне рухтардың бірі - Ғайып ерен, қырық шілтен. Көне наным бойынша көзге көрінбейтін, шілтен деп аталатын қырық нөкері бар адамдарға көмектесіп жүретін рух» (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан).

     Уәж: Ұлы Аталарымыздың рухы (аруағы) деп атауға білімдері жетпеген.

  1. «Ғайып ерен - мұсылмандар арасында сопылық ілім ықпалымен тараған түсінік бойынша, ерекше қасиеттерге қол жеткізген әулиелер. Қазақ фольклорының кейіпкерлері әдетте Құдаймен қоса "Ғайып ерен, қырық шілтен", "Ғаусыл- ғиас", т.б. әулие-пірлерді рухани көмекке шақырады. Мысалы, "Алпамыс батыр" эпосында әулиелердің кереметі:

       "Сол уақытта батырға,

       Атса, мылтық өтпеді,

       Шапса, қылыш кеспеді —

       Ғайып ерен, қырық шілтен,

        Қолтықтан сүйеп, демеді" деп жырланады. Бұл түсініктің түп-төркіні сопылық ілімде жатыр. Ол бойынша дүниеде әулиелер иерархиясы бар. Солар арқылы Алла тағала жер бетіне билік жүргізіп, адамзатты жетілдіруге ықпал етіп отырады. Олар рухани билікке көтеріліп, құпия заңдылықты игерген. Әулиелердің әр тобының өз қызметі, тапсырмасы болады. Ғайып еренге жататын әулиелер көбінесе өздерінің құпияларын көпшіліктен жасырын ұстайды. Ғайып ереннің негізгі сипаты және мақсаты — жанашырлық танытып, адамдарға әрқашан көмекке келу, рухани жолға түскендерге жол сілтеп, бата беру, жолаушыға, қысылған адамға қол ұшын беру, т.б. Қыдыр (Хизр) да Ғайып еренге, оның ішіндегі қырық шілтенге (абдал) жатады. Қазақта "қырықтың бірі - Қыдыр" деген сөз бар. Қыдыр - қырық шілтенді басқаратын кейіпкер болуы да мүмкін. Бұқаралық санада бұл түсінік өнделіп, көркемдік қиялға ұласып жататынына қарамастан, ислам ойшылдары (мыс.: ибн Араби) Ғайып ерен идеясын жокқа шығармаған»  (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан).

  1. «Ғайыперен қырық шілтен діни көзге көрінбей келіп, қысылған шақта демеу беретін пір» (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі).
  2. «Ғайып ерен қырық шілтен - діни. Мұсылмандарды жебеп, қолдап жүретін, көзге көрінбейтін киелі бейнелер» (І. Кеңесбаев. «Фразеологиялық сөздік» 177 бет).
  3. «Қызыр, Ілияс, Қырық шілтен. Балама менің назар сал. (Қыз Жібек).
  4.     «Әулие аруақ көтеріп, Ғайып ерен, қырық шілтен қорғасын» (Бата).
  5.    «Ғайып ерен  - Қырық шілтеннің біреуі деп,

            Кең ойлы кемеңгерлер межеген-ді» (Шоңбай Жұбанұлы).

  1.    «Ғайып ерен қырық шілтен» туралы әңгімелер құпия құбылыстардың бірі (Ә. Қабаев).

       Уәж: Ата-бабамыздың шынайы тарихын сопылық ілім тұрғысынан зерттеген жандарға ешқандай құпиясы жоқ.

  1. «Ғайып ерен қырық шілтеннің тікелей өмірге келуіне әл-Фарабидің тетелес замандасы арабтың аса көрнекті ғұламасы әл-Газали себепші болыпты: «Ғайып ерен – (ғайып ирен) мағынасы, шығу тарихы тіпті күңгірт. Ол он үш-он төрт жасында Индиядан араб елдеріне білім іздеп шығады. Әкесі бір соғыс кезінде Индияға қашып барған араб екен. Арабияны өз отаным деп есептейді. Жолда керуені қырық қарақшыға жолығады. Ақша талап етеді. Керуендегілер ақшасын жасырады, әл-Газали бір тиынын қалдырмай, қалтасынан шығарып береді. Таңырқап себебін сұрайды. Анам: «Құдайдан қорық, адам баласына қиянат жасама, өтірік айтпа, адалдан мал тап» – деген. «Өсиетін орындап тұрмын» – дейді. Бұл сөз қарақшыларға қатты әсер етеді. «Мына қаршадай бала тегін болмауы керек. Біз құдайдан қорықпаймыз, адамдарға қиянат жасаймыз, өмір бойы өтірік айтып, арамнан мал тауып жүрміз. Кішкентай бала құрлы бола алмадық-ау» – деп, өзара күңкілдеседі. Бәрі ақылдаса келіп, әл-Газалиден бата сұрайды. Батасы қолма-қол қабыл болады. Керуендегілердің көз алдында әлгі қарақшылар құс сияқты пыр етіп ұшып кетеді. Содан бастап «ғайып ерен қырық шілтен» атанады. Оқиғаның болғанына мың жыл тола қойған жоқ» («Жас алаш» газеті 1991. 21 желтоқсан).

       Уәж: Біріншіден, Ғайып Ерен Қырық Шілтендердің дүниеге келуі Әл-Фараби (870-950) заманынан сан мыңдаған жылдар әрі де болған. Себебі, ең көне жырлар: қазақтың «Алпамыс батыр», қырғыздың  «Манас» жырында Қырық Шілтендердің батырларды үнемі қолдап жүретіндері айтылады.

       Екіншіден, «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» атауының бұлай дүниеге келуі еш ақылға симайды.   

  1. «Ғайып ирен» – жабайы аң деген ұғымды білдіреді. Кейін осы пікірін анықтап қайберен (қайып ерен) қабаннан басқа еті жеуге келетін жабайы аңдардың жалпы атауы. ...Шілтен – санадан тысқары күшке ие, көзге көрінбей адамдар арасында өмір сүретін тіршілік иесі» (К.К. Юдахин. Советский тюрколог, доктор фил. наук, академик. «Киргизча-орусча сөзлук», Фрунзе, 1965, стр. 960; [140, б.171-176]).

       Уәж: Неткен «дарын», неткен «білімділік» десеңізші!  Ұлы Аталарымыздың аруағын жабайы аңдарға теліп жіберген. Адам да сана болатынынын, аңда сана болмайтынынын да ажыратуға ақылы жетпеген.

  1. «Қырғыз тілінде «қырық шілтен» («чілтен» парсы сөзі; мағынасы-көзге көрінбейтін мақұлық») деген сөз бар; бұ да діни ұғыммен байланысты шыққан сөз: «адамдардың арасында көзге көрінбей жүретін ірі алып мақұлық» (І.Кеңесбаев, филология ғылымының докторы, профессор).

      Уәж: К.К.Юдахиннен де асып түсіп, «Қырық Шілтенді» парсыға теліп, аталарымыздың аруағының атына «мақұлық» деген қазақтағы ең жаман қорлау сөзді қолданып отыр. Олай болса қазақ сөздерінің бәрін қолданыстан шығарып, қазақтың барлық киелі сөздерінің аудармасын ғана қолдану керек болатынына білімі жетпеген.   

  1.  13. «Шілтен парсы тілінен енген сөз, ол екі түбірден құрылған шіл – тен. Шіл парсы тілінде чил түрінде айтылып, «қырық» деген ұғымды білдіреді. Тен тон болып айтылған, қазақ тілінде дара жұмсалғанда тән қалпында айтылады, парсыларда чилтон (қырық тән) «көрінбейтін қырық қолдаушы» ретінде түсіндіріледі. (З.Х. Гуламов. Чил сузиннинг кулдониши ва мағыналары//Узбек чевалары лексикасы. Тошкент, 1966).

      Уәж: Бұл жерде Бізге өзбек ғалымының тұжырымын басшылыққа алуға мүлдем болмайды. Себебі, олардың бұл сөздерді парсы тілінен алулары әбден мүмкін.  Өзбек тілі бізден гөрі парсыға жақын тіл.   

  1. «Төрт түліктің пірі - сақтаушы киесі ретінде халық ұғымында Ойсыл қара, Қамбар ата, Жылқышы ата, Шекшек ата, Шопан ата, Зеңгі баба аталудан тыс, адамдар үшін батырлар пірі – Ғайып ерен қырық шілтен, құт-береке пірі – Қыдыр, темір ұстаның пірі – Дәуіт,  қайықшының пірі – Үббі, ошақ иесі – От ана, бесік пірі – Ұмай ана, еркектер пірі – Зәкәрия, әйелдер пірі – Бибі Бәтима т.б атаулар болады» (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).

       Сөз реті келгесін айта кетейін. Берілген түсінік қате. Пір – деген сөздің түпкі мағынасы тек қана «сақтаушы кие» емес, бірінші үйретуші ұстаз (атасы) деген мағына береді, яғни бүгінгіше айтқанда «автор». Пір менен Бір синоним. Бір – бірінші, Пір – бірінші үйретуші ұстаз.

  1. «Ғайып Ерен Қырық Шілтен – түркі тілдес халықтардың бірқатарының ауыз әдебиетінде кездесетін жұмбақ кейіпкер». (Назарбек Байжігітов).

      Уәж: Сопылық ілімді зерттеген және Ана тіліміздің қолдану аясын білетін  жандарға бұл жерде ешқандай жұмбақ жоқ. 

  1. 16. «Ерен ғайып қырық шілтен - мұсылман  түркілер  (қазақ, өзбек,  қарақалпақ,  қырғыз, т.б.  мифологиясындағы  көзге  көрінбейтін,  рух  сипатына ие  тірі   пенделер  (пірлер). Қалыптасқан анықтама бойынша, олар ғаламды билейтін 40 құдіретті әулие. Мұндағы"ғайып" сөзі "көзге көрінбейтін" дегенді, "шілтен" (парсы тіліндегі чил - "кырық", тон -"тірі пенде") "қырық жан/пенде" дегенді білдіреді, осы сөз түркі тіліндегі "қырық" сөзі арқылы қайталанады ("қырық шілтен"). Ал "ерен" сөзінің парсылық емес, түркілік қайнары жөніндегі әңгімеміз бөлек (алдағы мақалалардың бірінде қарастыратын боламын). Әзірге осы "шілтендер" бейнесінің ішкі иерархиясы хақындағы қалыптасқан  түсініктер туралы ғана айтар болсам, сопылық мифологиядағы "ирендер" көрінбейтін рухтар бірнеше саты-дәрежеде көрсетілген: төменгі сатыны (қатарды) "шілтендер" құрайды, олардан жоғары сатыда "пафтан" делінетін жеті рух, олардан жоғарырак сатыда "естан" деп аталатын үш рух, ең жоғарыда - "гаус" деп аталатын жалғыз рух болады. "Қыз Жібек" эпосындағы: 

           Жазатайым сүрінсе,

           Ғауыс, ғаяс, қырық шілтен,

           Баһаутдин, қолыңа ал, - деген жолдардағы "ғауыс" пен "қырық шілтен" - осы ерендер (ирендер) иерархиясының жоғарғы және төменгі сатыларының кейіпкерлері болып табылады. Бұл үш иерархиялық  саты қисыны бойынша, шілтендердің жеті сатылық иерархиясы да бар, олар: 1) Құтб (біреу), 2) Ғауыс (үшеу), 3) Абдал (жетеу), 4) Аутат (қырық), 5) Нұхиба, 6) Нуджиба, 7) Аруах ул-Мухаддас. Тек осылардың (шілтен, пафтан, естан, гаус, кұтб, т.б.) барлығының да "ирен" деп аталуын парсылық "йаран" сөзімен байланыстырудың жөні жоқ сияқты; байланыстырыла қалғанның өзінде де бұл - екінші, туынды түсінік болмақ; "ерен"  бейнесінің  түпкі  негізі  түркілерде  жатыр "Құтб" сөзінің полюс атауы екендігін ескерсек, оның кіндік нүктенің, яғни Нұр бұлағының атауы болуы түсінікті болып шығады, сондықтан екінші нұсқаны дұрысырақ-ау деп топшылауға болады. Ал жалпы  сопылық  мифтік  бейненің  өз сипаты қандай? Ерендердің иерархиясының болуы,  олардың  көзге  көрінбеуі,  эпостық  қаһармандарға   қолдау   көрсетіп,  қамқорлық жасауы  оларды  "Ілкі Төр" келтірімімен байланысты ете алады. Яғни біздер, тағы да – Ілкі Төрді   (немесе  Төретамды)   күзететін,   қоритын,   оның   еркін   (доктринасын)   адамзат арасынан шыққан таңдаулы пенделерге жеткізіп тұратын қорушыларды (хранители) көріп отырмыз. Бұл тұрғыда, Құтб - Ілкі Төрдің (Төретамның) бас қорушысы немесе иесі болып шығады,  ол Ілкі  Төрдің  өз  кіндігін,  бастауын  символдай алады. Ал ғауыстар, абдалдар, аутаттар немесе естандар, пафтандар, шілтендер тиісінше, бірінші (ішкі), екінші (ортаңғы), үшінші (сырткы)  қоршауды  (шарбақты, қақпаны) күзетуші қорушылар.  Шілтендер –  ерендерге қарағанда ең жақын орналасқан болып шығады да, адамдармен қарым-қатынас орнату қызметі көбіне көп осылардың сыбағасына тиеді. Шілтендердің адам кейпіне (көбінесе кедейдің, айналадағы жұрт "сорлы", "бишара", "пақыр" деп есептеген пенде кейпіне) еніп, адамдардың арасында өмір сүре алуы да, егер олардың біреуі өле қалса (?), оның орнына лайықты адамдардың бірін сайлауы туралы түсініктер де шілтендердің "шекаралық орналасуына" байланысты. Бастапқы "Кіші жүз" ұғымының жай-жапсары да осы шілтендермен қарайлас. Шілтендер, мәселен қазақтар мен өзбектердің түсінігі бойынша, адамдар бара алмайтын, яғни бұл жалғанның пендесі үшін жолы жабық, теңіз ортасындағы аралда өмір сүреді. Мұның өзі "Ілкі Tөp" секілді орналасқан жабық кеңістікті немесе нысанды көрсетеді, "Қобыланды" жырының бір нұсқасындағы "төрткүл" деп "теңіз/дария ортасындағы аралды" есептегендігін еске түсірсек, осындағы аралдың да іс жүзінде төрткүл, яғни квадрат (шаршы) пішінді кеңістік екендігін топшылауға болады. Бұл жерде де "үш қиян", "үш шарбақты кент", "үш жүз" секілді кеңістікті көруге болады (С.Қондыбай «Ғайып Ерен, Қырық Шілтен»). 

       Уәж: Сөз жоқ. Мақала да «Ғайып Ерен қырық Шілтен» атауының сопылық ілімге қатыстылығы тиянақты зерттелген. Ғалымның тек қана қазақтың шілде (қырық күн шілде) деген сөзінен туындаған  Шілтенді парсыға апарып телігеніне еш келісуге болмайды.  Себебі, қазақтың тауығы парсыдан бұрын шақырған.

  1. «Ғайып ерен қырық шілтен сөзі бір емес үш тілден құралған тіркес. Атап айтар болсақ, «ғайып» араб тілінен алынған «жоқ болу», «көзден таса болу» деген мағынада, «ерен» сөзі көне түркі тілінен алынған «ер» сөзі, ал «шілтен» болса, парсы тілінен аударғанда «қырық тән немесе қырық дене» деген ұғымға саяды». (http://el.kz/kz/news/tugan-zher/gaiip_eren_kirik_shilte).

       Уәж: Сонда қалай? Қазақ-қазақ болғалы бері өздері сөз жасай алмай, тек қана көрші елдер сөзінің аудармасын қолданып келген бе? Олай болса, әлемдегі ең сөздік қоры көп қазақтың Ана тілі қайдан шықты? Олардың сөздік қоры соншалықты бай болса, неге қазақтар емін-еркін қолданатын ақындар айтысын меңгере алмаған? Демек, бәрі керісінше болған.

       Осы бір сарындас өз сөзімізді өзгеге теліген тізімді әлі де көптеп жалғастыра беруге әбден болады.

       «Ғайып Ерен Қырық шілтен» жайлы қазіргі тарихшылардың зерттеу қорытындылары мен  түсініктерінің ұзын ырғасы осындай.

 

        Жалпы қазақтың сөздік қорында қазіргі ұрпақ мағынасын толық түсіне бермейтін осындай сөз тіркестері баршылық. Мысалы, «Баба Түкті Шашты Әзіз», «Қалың Арбат», «Қарға бойлы Қаз Туған», «Керқұла атты Кендебай», «Қара қасқа атты Қамбар бек» т.т.

        Келіңіз! Ана тіліміздің қолдану аясына сай бірге сараптама жасап көрелік:

    -  Өздеріңіз көріп отырғандай «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» бір адамның аты емес, жиынтық есім және барлығы да таза қазақи сөздер. Дәлел ме? Тыңдап көріңіз?

        Қазақ даласындағы ең көне жыр «Алпамыс батыр» дастаны. Жырдың сарыны, ондағы оқиғалар желісі, жер-су мен адам аттары зер салып оқыған жанды мыңдаған жылдар әрідегі Қазақ даласының бір пұшпағы «360 әулиелі Киелі Маңғыстауға» жетелейді. Әңгімемізді осы жырмен бастайық:

         Алғашқыда асып-сасқанмен, әп-сәтте ес жиып үлгерген қалмақ қолы жауының жалғыз екенін көріп, садақпен атып алмақ болған. Сол ниетпен тұс-тұстан атылған мың сан жебе күннің көзін көрсетпей жіберді. Ғажаптың кереметі осы сәт көрінген. Жаңағы мың сан жебе жаңбырдай жауып, Алпамысқа шып-шып тигенімен, денесіне сызат та түсіре алмастан кейін шарпыды. Мұның сыры — Алпамыс батыр кәміл пірлерге сыйынып жауға жалғыз ұмтылғанда, Ғайып-ерен қырық шілтендер тірі жанға көрінбей келіп, жас батырды қорғауына алған еді.

         «Қалмақтар атқан қалың оқ

         Жаңбырдай болып тиеді.

         Еті түгіл баланың

         Терісіне кірмеді

         Ғайып-ерен қырық шілтен.

         Баланы қолдап демеді.

         Мұндай жағдай жырдың бірнеше жерінде қайталанады.

        ...Ғайып-ерен, қырық шілтен

        Қылышты қолдан қағады.

        ...Ғайып-ерен қырық шілтен

        Баланы жолда ұстады.

         ...Ғайып-ерен қырық шілтен,

         Көтерді жерден қауғалап.

         ...Ғайып-ерен пірлерім,

         Бұл бәледен өзің қақ» (Алпамыс батыр). Міне осылайша, жырдың өн бойында Алпамыс батыр  Ғайып-Ерен Қырық Шілтен – пірлерге жалбарынып көмек сұрайды. Пірлері Алпамысты үнемі қамқорлығына алып жүреді. Демек, «Ғайып Ерен Қырық Шілтеннің» бастауы беріде емес, өте әріде жатыр. Осының өзі-ақ «Ғайыпты» арабқа, «Шілтенді» парсыға, «Еренді» көне түркі тіліне теліп жүргендердің тұжырымын түгелдей жоққа шығарады.  Әйтеуір абырой болғанда, қазақтың «қырық» деген сөзіне бөтен ие таба алмапты.

        Енді осы сөз тізбектеріндегі әр сөзге арнайы сараптама жасайық:

         Ғайып – ғайып болды, көзден ғайып болды. Жоқ болды, үшті-күйлі жоғалды. Мен де дайын тұрамын, - дейді де, ғайып болады («Қаз. Ертегілері»).

         Ғайып – жоқ, жасырын, қияли, болжалды іс.  Ғайыптан – қапелімде, кенеттен (Ғайып болды – ұшты-күйлі жоқ болды). (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі).  

       «Ғайып, ғайып болу, ғайыпана (діни), ғайыппір (діни). (Орфографиялық сөздік).   

       «Дидар ғайып, Ажал ғайып, Қонақ та,

       Үш ғайып бар өмір деген жолақта»  (Өтеген Оралбайұлы «Таңғы самал тәңіріңнің сәлемі»). Үшеуі де ойламаған, күтпеген жерден келеді.

       «Болжайтұғын ғайыптан жеті көз жоқ» (М.Ж.Көпеев).    

        «Ғайып» араб тілінен тәржімалағанда «жоқ болып кету», «көзден тасалану» деген мағына береді». (А. Мұсабекқызы).

        Уәж: «Ғайып» қазақ тілінің қолданысында ежелден бар сөз. Оны өзге тілден тәржімалаудың түкке де қажеті жоқ.

       «Ғайыптан туу мотиві. Әлемдік фольклордың сюжетіне кең, терең орныққан мотивтердің бірі – кейіпкердің ғайыптан тууы. Ғайыптан туу мотиві барлық фольклорлық қаһарманның ғұмырнамалық баянында тұрақты орын алып, көне мифтерде, діни әпсаналарда, батырлық және ғашықтық жырларда, ертегілерде, аңыздарда да кездеседі.

        Ғайыптан туу мотивіндегі көне түсініктер қаһарманның жай қарапайым кісілерден тегі бөлек жан екенін көрсетуге ұмтылса, феодалдық қоғам тұсында сомдалған қаһармандардың бейнесінде таптық қоғамда билік үшін жүрген саяси талас-тартыстың, күрестің шындығы көркем бейнеленген. Бұл көріністерге халықтың тегі асыл, әділетті билеушіден үлкен жақсы істер күткен арман-аңсарлары орныққан (А.А.Әбсадықов).

       Уәж: Ғайыптан туу мотивін бүкіл әлемдік фольклор мойындаған болса, онда оның солай болғаны. Себебі, жалған сөзді ешкімге зорлап, таңып мойындата алмаймыз. «Өтірік өрге жүзбейді».

       «Парсылық ғайыбана қазақ тілінің заңдылығына бейімделген, бірнеше варианты болғанға ұқсайды: қайбана, қаймана, қайуана, ғайып «белгісіз, жоқ жерден пайда болу» и формы наречия – ано. Ғайып – қазақта жеке дара қолданылады: ғайыптан пайда болу, Ғайып – ерен, Қырық шілтен – «аңыздық тұлға» дәм ғайып, дидар-ғайып – «ас пенен достардың күтпеген жерден алдыңнан шығуы және басқалар. Демек, Біздің бұл сөздерді түсінбей жүрген себебіміз, ғайыбана парсы тілінен кіріп, екі және одан да көп нұсқаларына айналып кеткен: қайбана, қаймана, қайуана және т.б.» (Ә.Т.Қайдар, академик).

        Уәж: Қазақтың  Қайбана, Қаймана, Қайуана, Ғайып (Қайып)  деген сөздерінің тегін парсыдан емес, қазақ ұлтының негізін қалаған көне рулардың бірі Қайы (Қаңлы), Сақ (Жай Сақ), Қассақ (Нағыз Сақ), Қас батыр, Қас мерген, Қас шешен, Қас билердің арасынан іздеген дұрыс болады.

        Ғайып (Қайып) – сөз түбірі «Ай», ары қарай ға (қа), ғай (қай), ғайы (қайы), ып, айып, ғайып болып шығады.

       -   Ға – Аға деген мағына береді. Қаңға (Хан аға), Сарға (Сары аға), баламасы Қарға (Қар (ақ) аға), жорға (бозжорға) боз жоры аға (төрт аяғы тең тайпалған шабысты ағаға теңеп отыр) т.т.

       -  Қа – Қаңға баба, Қар (ақ) пен Қаз аға есімдерінің бірінші буыны. Бұл Қазақ бүкіл әлем елдерінің ағасы деген сөз.

      -    Ай: а. Адайдың екінші буыны (Ад және Ай), ә. Ана (Ай - ана), б. жердің серігі, г. 27-31 ден тұратын күндердің жиынтығы.

      -    Й (и) -  баласы,  ұрпағы (Тарази, Иассауи, Жүгінеки, Низами, Мами т.т. болып кете береді.

       -  Қайы – Қайы тайпасы, Қазақ даласының бір пұшпағы Маңғыстаудан Европаға ғайыптан барып,  Осман империясының негізін қалады. Осы түбірден қазақ та «түйе қайыды, қайымады», қайыл болу (көну), қайыл болмау (көнбеу) т.т. сөздер бар. Бұл тайпаның тағы бір атауы Қаңлы, яғни Хан ауылы. Бірінші буындағы «Қа» қазақ дегенді білдірсе, екінші буындағы «Ай» мен «Ан (Ана)» синоним, екеуі де Әйел-Ана дегенді білдіреді.

       -  Ып – ып-ыссы (ыссылықтың шегі), лып ете қалды (тез болды), тұрып,  жатып, барып, келіп т.т.

        -  Айып – айыпты, айыбы бар, айыптау, айып ету,  айыпдоп (спорт), айып-шамы жоқ т.т. Бұл жерде «ғайып» сөзінің құрамында «айып» не істеп жүр деген сұрақ өз-өзінен туындап тұр. Алла Тағала мына жарық дүниені жаратқалы бері әйел адам ер азаматтың алдында мәңгі айыпты, яғни мәңгі қарыздар. Себебі, Хауа анамыз Адам атаның қабырғасынан жаралған делінеді. Ежелден келе жатқан «қабырғамен кеңесу» және еттің сүйегін (жілігін) үлестіргенде қабырғасын әйелдерге тарту осыны меңзейді. «Сен біреудің ғайыбын ашпа, Түн сықылды перде тарт (Шәкәрім қажы).

        Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл сөз қазақтың тап-таза өз сөзі. Бұл сөздің туындауына парсы мен араб тілдерінің, не т.б. еш қатысы жоқ. Керісінше, олардағы бұл сөздің қолданылу бастауын қазақтың ана тілінен алады.

       Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

Жалғасы бар...

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар