«Қарлық» жазып көрдің бе?

/uploads/thumbnail/20170708150830982_small.jpg

«Қарлық» жаздым қатырып,

Қалам ұшын батырып.

Осы жазған қарлықты

Орындарсың асырып...

Бір шоколод, екі жеміс шырыны немесе театрға, киноға билет...

Негізгі мәтін осы болатын. Не қаласаңызда қағазға жазып, «Қарлық» талап еткен адамыңызға білдірмей жанқалтасына немесе сумкасына, әйтеуір сол күні көзіне түсетін бір ыңғайлы орынға қоясыз. Бұл Қытайдағы қазақ жастарының ортасына кең таралған «салттың» бірі.

«Қарлық» – алғашқы қар жауған күні сыйлас досыңызға немесе сүйген жігітіңізге, тәуір көретін ағаңызға, әйтеуір етжақын адамыңыға айтатын әдемі өтініш хаттың түрі. Оның мынадай ерекшеліктері бар:

«Қарлық» жазған тілкімдей қағазыңызды қарсы жақ  оңаша қалғанда немесе сізден алыстағанда қаперіне ілігетіндей етіп, жасырып беруіңіз керек. «Жасырдым» екен деп қатты қалтарысқа салсаңыз мүлдем көзге түспей қалуы да ғажап емес. Онда өтінішіңіз орындалмай қалады. Себебі «Қарлықтың» мерізмі – сол алғашқы қар жауған бір күн.

«Қарлықты» қызықты, тартымды етіп жазу өзіңізге байланысты. Тіпті сөзіне иландыра алмай жүрген сүйген қызынан сол күні «мақұлдық» алатын пысық жігіттерде бар. Өйткені «қарлықты» орындау – өз алдына «серт». Ұрысып қалған досымен де алғашқы қарды қатар басып, арқа-жарқа болып жататындар да жоқ емес.

Ең бастысы – бұл ерікті «ойын». Қаласаңыз жазасыз... Қаласаңыз орындайсыз. Қатып қалған ешқандай тәртіп жоқ. Айтпақшы, кейінгі кездері «Қарлықты» SMS пен немесе агент арқылы жазатындар да шықты. Асылы, хатпен жазылғаны қызық шығар...

сурет ғаламтордан алынды

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар