Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі осыған дейін Ресейде құлдықта ұсталып келген Қазақстан азаматтары туралы ақпарат таратып еді. Бұл қылмыстық іске байланысты Қазақстанда туған, қазір Ресей азаматы болып табылатын мәскеулік азық-түлік дүкен желілерінің қожайындарына қатысты тергеу амалдары әлі де жалғасуда.
Айта кетерлігі, бүгінгі күнге дейін ҚР Ресейдегі Елшілігінің Консулдық бөлімі араласуымен біздің 5 азаматымызға жақын арада елге қайтару мақсатында қайту куәлігі рәсімделген. Осыған орай кейбір азаматтарымыз елге қайта оралды. Ал кейбіреулері тергеуге қажетті сұрақтарға жауап беруде.
Пікір қалдыру