Биыл бастауыш сыныптарда футбол сабағы өтеді

/uploads/thumbnail/20170824170327820_small.jpg

Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту үшін «Орта білім беру мекемелеріндегі 1-4 сынып оқушыларына арналған футбол бойынша әдістемелік оқу құралын» құрастырып, бекітті деп хабарлайды  Qamshy.kz  ақпарат агентігі Sports.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Әдістемелік оқу құралы бастауыш сыныптағы дене шынықтыру мұғалімдері үшін көптеген иллюстрациялар мен түсінікті мәтіндер негізінде жасалған. Балаларды шапшаңдыққа, икемділікке, ептілікке үйрететін техникалық кешендер мен жаттығулар кешені, физикалық және техникалық дайындықтарын бағалауға арналған тестілер бар.

2017 жылдың қыркүйек айында сынақтан өткізу мақсатында Қазақстанның бес өңіріндегі 147 мектеп жұмылдырылады. Соның ішінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалалары. Сондай-ақ, Ақтөбе мен Қарағанды облыстық футбол федерациясы жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар