Киевте Порошенко мен Пентагон басшысының келіссөзі басталды

/uploads/thumbnail/20170824170509876_small.jpg

Украина президенті Петр Порошенко және АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Киевте кездесу өткізді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Пентагон басшысы Украинаға мемлекеттің Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңына келді.

Джеймс Мэттис Украинаға ресми сапармен араға 10 жыл салып бірақ келді. Порошенко бұл кездесудің мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту мақсатында өте маңызды екенін жеткізді.

Келіссөздерден бөлек Мэттис Порошенкомен бірге Украина Қорғаныс министрі Степан Полторакпен кездесті. Олар әскери ведомстваның реформасын, сондай-ақ Киев пен Вашингтонның қорғаныс аясындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар