Алдымыздағы жылы Астанада 150 апатты үй қиратылады

/uploads/thumbnail/20170824191314498_small.jpg
2018 жылдың қаңтар айында Астанада «Апатты үйлерді қиратып тастау» пилоттық жобасының екінші кезеңі басталады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

Жоспарланғандай, келесі жылы елордада 150 көп пәтерлі ескі үй қиратылды, соған орай 600 шаршы метрлік 8500 пәтер пайдалануға беріледі.

Апатты үйлердің иелеріне бұрынғы ескі пәтердің орнына қиратылып тасталған үйдің аумағына сәйкестендірілген баспана берілетін болады.

«Бұл 1940-1980 жылдар аралығында салынған негізгі құрылыс құрылғылары және инженерлік жүйелер әбден тозған үйлер. Ол үйлер адам өміріне қауіп төндіреді деп танылып, әрі қарай онда тұруға рұқсат етілмеді. Сол себептен де қиратып тастауға жатады. Пилоттық жобаның шарттары бойынша үйлердің иелеріне қиратылып тасталған үйдің аумағына сәйкестендірілген баспана берілетін болады», – деді қалалық тұрғын-үй басқармасының басшысы Асхат Елеужанов. 

Жыл соңына дейін елордада «Апатты үйлерді қиратып тастау» пилоттық жобасының бірінші кезеңін іске асыру бойынша 228 үйді қиратып тастау жоспарлануда. Қиратып тастауға жататын үйлердің көбісі қаланың оң жағалауында орналасқан: «Сарыарқа» ауданында – 124 үй, «Алматы» ауданында – 82  және «Есіл» ауданында – 22 үй бар.

3500-ден астам отбасы жаңа пәтерлерге қоныс аударады. 

Онымен бірге бүгінде 1570 отбасы көлемінде 117 апатты үйдің тұрғындары көшірілді. 

Қалған апатты 111 үйдің тұрғындары 2017 жылдың ішінде көшірілетін болады: жыл соңына дейін оларға 1850 пәтер беріледі. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар