ҚР мен Бельгия Корольдігі дипломатиялық қарым-қатынас орнатқандарына 25 жыл

/uploads/thumbnail/20170825075333409_small.jpg

2017 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасы мен Бельгия Корольдігі дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 25 жылдығын атап өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Ширек ғасыр ішінде екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастық бойынша өзара іс-қимылды дамытудың және нығайтудың берік іргетасы қаланды: екіжақты байланыстар дамуда, елдердің сыртқы саяси және бейінді ведомстволары арасындағы ынтымақтастық нығаюда, шарттық-құқықтық база кеңеюде.

Осы жылдары жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер негізін салған екіжақты қарым-қатынастар жаңа сапалы деңгейге өтті. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Бельгияға 8 рет сапармен барды. 2010 жылғы қазанда ірі іскерлік миссияның басшысы ретінде мұрагер принц Бельгия Королі Филипптің Қазақстанға жасаған ресми сапары сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әртараптануына және кеңеюіне қосымша серпін берді.

Астана және Брюссель терроризммен күрес, ядролық қарусыздану және таратпау секілді негізгі мәселелерде ұқсас ұстанымдарға ие. «Өлімнен де күшті» атты Семейдегі мемориалдық негізінде қазақстандық мүсіншілермен жасалған Ядролық сынақтардың құрбандарына арналған монументтің Бельгияның Ипр қаласына қойылуы осыған дәлел бола алады. Сондай-ақ тараптар ядролық энергетиканы бейбіт пайдалану саласында ынтымақтастықты дамытуда.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар оң серпінге ие. 2010 жылдан бастап 200-ден астам бельгиялық компаниялардың өкілдері Қазақстанға бизнес миссиялармен келді. Қазақстанда бельгиялық капиталдың қатысумен 60 астам компания жұмыс істеуде. Соңғы он жылдың ішінде ҚР-ға салынған бельгиялық тікелей инвестициялардың көлемі 5,4 млрд. АҚШ долл. асты.

Қазақстан Бельгиямен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға ниетті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар