Жұма күнге арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20170825081215142_small.jpg

Бүгін елімізде  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып. Тек елдің батысында аздаған мөлшерде жауын-шашын болады. Солтүстік және шығыс аумақта түнде және таңертең тұман түседі. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл соғады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының  кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетіп, жауын жаууы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Атырау, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстанның кей жерлерінде, Ақтөбе, Қостанай,  Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында  өте жоғары өрт қаупі сақталады. Күндіз Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық ауа райы сақталады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар