«Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду 2016/17 жж. маусымдағы УЕФА-ның үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі prosports.kz мәліметіне сүйеніп.
Өткен маусымда Роналдудың командасы Еуропаның ең беделді турнирі – Чемпиондар лигасында топ жарған. Ал Роналдудың өзі болса аталған турнирдің үздік атанған.
Сондай-ақ Роналду бастаған «Реал» Испания чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, үздік шыққан болатын. Португалия құрамасының ойыншысы дауыс беру қортындысында «Барселона» шабуылшысы Месси мен «Ювентус» қақпашысы Джанлуиджи Буффонды басып озып, шаң қаптырды.