Роналду УЕФА-ның үздік ойыншысы атанды

/uploads/thumbnail/20170825084639757_small.jpg

«Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду 2016/17 жж. маусымдағы УЕФА-ның үздік ойыншысы атанды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме беріп. Өткен маусымда Роналдудың командасы Еуропаның ең беделді турнирі – Чемпиондар лигасында топ жарған. Ал Роналдудың өзі болса аталған турнирдің үздік сұрмергені атанған. Сондай-ақ Роналду бастаған «Реал» Испания чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, үздік шыққан болатын.  Португалия құрамасының ойыншысы дауыс беру қортындысында «Барселона» шабуылшысы Месси мен «Ювентус» қақпашысы Джанлуиджи Буффонды басып озды.

Қатысты Мақалалар