Шешенстан президенті Рамзан Қадыров әлеуметтік операция аясында Ирактағы Таль-Афарадан 6 қазақстандық пен 6 ресейлік азаматты эвакуациялағанын мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Шешенстан президенті өзінің Instagram парақшасына жазды.
«Ирактағы Күрдістанда ТМД елдерінің азаматтарын құтқару бойынша ірі операция өз мәресіне жетті. Оны ұйымдастыру үшін Иракқа Шешенстан басшысының Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы өкілі Зияд Сабсабиді жібердім. Таль-Афарда 6 қазақстандық пен 6 ресейлік құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді» деп жазды Рамзан Қадыров.
Ол Таяу Шығыстағы әлеуметтік көмек туралы ақпаратты шектеу оны жасыру мақсатында емес, балалар мен операцияға қатысушылардың қауіпсіздігі үшін екенін де атап өтті. Себебі операция әлемдегі ең қауіпті аймақта жүргізіліп жатыр.
Пікір қалдыру