АҚШ-тың Чарльстон қаласында қарулы қылмыскер жергілікті мейрамхана келушілерін тұтқынға алған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Fox News-ке сілтеме беріп хабарлайды.
Телеарнаның мәліметінше, мейрамхана қызметшісі болып қызмет істеген қаруланған ер адам мекеменің есігін жауып алып, өзін «Чарльстоның жаңа патшасы» етіп таныстырған. Кейбір мәліметтерге қарағанда мейрамханада шамамен 30-ға жуық адам болған. Қылмыскер оқ атып бір адамды жаралап, тағы бір адамды өлтірген.
Полиция оқиға орнына жетіп қылмыскермен келіссөздер жүргізген. Соңғы ақпараттар бойынша полиция тұтқындағы адамдарды босатқан, ал қылмыскер ауруханаға жеткізілген.
Аталған оқиғаның терроризмге еш қатысы жоқ деп бағаланып отыр.
Пікір қалдыру