Ағаштың бірін таңдап, өз мінезіңізді анықтаңыз

/uploads/thumbnail/20170825095009531_small.jpg
  1. Жауапкершілік 

 

Сіз өз міндетіңізді өте жоғары деңгейде атқаруға бар күшіңізді саласыз. Әзіл айтып, қалжыңды көтере білесіз. Өзіңіздің төңірегіңіздегі жағдай басқа арнаға ауысып кетуінен қорқасыз. Жанжалдаса алмайсыз. Сондықтан алдын ала қауіпсіз орта іздейсіз. Сізге өмірді сол қалпында қабылдау қиынға соғады. Өміріңізде болып жатқан оқиғаның мақсаты мен міндеті бар екенін естен шығармаңыз.

  1. Әріптестік

 

Сіз қалағаныңызға қол жеткізу үшін тынбай еңбек ететін адамдардың қатарынан емессіз. Адалдық, шыншылдық – сіздің ең басты қасиеттеріңіздің бірі. Кейде өзіңізге көп міндетті алып, жағдайды өз бақылауыңыздан шығарып аласыз. Егер жетістікке жетемін десеңіз өзіңізге көп міндет алмаңыз. Нақты жоспар құрып, маңыздыларын анықтап үйреніңіз.

  1. Қайырымдылық пен интеллект

 

Сіз ұстамды және зерек адамсыз. Сіз үшін бірінші орында білім мен идея. Соңғысы әлемді өзгерте алатынын жақсы түсінесіз. Сондықтан жаңа, тың дүниелерді ойлап тауып, жасауға құмарсыз. Айналаңыздағы адамдардың сізге немқұрайлы қарағанынан қорқасыз. Мұндай қарым-қатынас сіздің жаныңызға батады және оған қалай қарсы тұру керектігін білмейсіз.

  1. Сезім және шығармашылық

 

Сіз адамға жаға білетін қасиетке иесіз. Өмірге қызығушылықпен қарайсыз. Сұлулықты сезінесіз, адамға қиын сәтте қолдау білдіре аласыз. Көп жағдайда оқшауланғанды ұнатасыз. Шектен шығып, еркелеуді білесіз.

  1. Қажырлы еңбек және өнімділік

 

Сіз өте белсенді, шешімді тез қабылдайтын, еңбекқор және мақсатыңызды жүзеге асыру үшін түрлі қиындықтарды жеңіп, талмай еңбек ететін адамсыз. Кейде мұның сізге зияны тиіп кетеді. Сіз өте көп жұмыс істейсіз, соның салдарынан физикалық және эмоционалды түрде қатты шаршайсыз. Даму мен жетістік өте маңызды. Алайда денсаулық пен жақын адамдар одан да маңызды. Демалыңыз, жақын адамдарыңызбен көп уақыт өткізіңіз. Бұл өміріңізді жарқын ете түседі.

  1. Қиял мен дәлдік

 

Сіздің мақсатыңыз бен армандарыңыз көп. Сіз үнемі арманыңыздың шынайы өмірде көрініс тапқанын елестетесіз және мақсатқа жету жолында жоспар құрып, сол бойынша жүре білесіз.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар