Ақмола облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы Қопа көлінде жағалаудан 50 м қашықтықта суға бата бастаған адамды құтқарып қалды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Құтқару шараларын қолданып, ер адамды құтқару бөлімшесіне жеткізген, оған бірден алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Зардап шеккен адам 1961 жылы туғандығы, мас күйде болып, жағалауға өз бетімен жүріп жетуге шамасы болмағаны анықталды. Құтқарушылардың дер кезіндегі іс-қимылдарының нәтиждесінде ауыр қайғының беті қайтарылды.
Жедел-құтқару жасағы азаматтардың қауіпсіздік қағидаларын сақтауын: арнайы жағажайларда шомылуын, масаң күйде суға түспеуін, жалғыз және түнгі мезгілде суға түспеулерін, ата-аналардың су айдындары жағалауында балаларды бақылаусыз қалдырмауын сұрайды.