ОҚО-да 107 ауыл әкімі сайланды. Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ОҚО Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев хабарлады. Айтуынша, 2017 жылдың 7-24 тамыз аралығында өткен ауыл округтерінің әкімдерін сайлау науқанына 95 округ бойынша 320 үміткер тіркелсе, оның 302-і ер, 18-і әйел. Тіркелгендердің 264-і «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Ал қалғандары партиялылығын көрсетпеген. Биыл додаға түскендердің басым көпшілігінің жасы елуден асқандар екен деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.