Кеше Алматыда іздеу салынған 2 жастағы бүлдіршін өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат мәліметіне сүйеніп.
Бала ауладағы əжетхана тесігіне түсіп, көз жұмған. «Жоғалып кеткен екі жастағы Есімхан Аниз өлі күйінде табылды. Əжетхана тесігіне түсіп кеткен. Үлкендер баланы ұйқыдан тұрған соң 11-де іздей бастаған. Бала таңертең шығып кеткен», - деді қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Əзірбек.