Samsung Group басшысы Ли Чже Ён 5 жылға сотталды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме беріп хабарладйы.
Сеулдің орталық соты оны ұрлық жасады және пара алды деп айыптап отыр. Оның ісі бұрынғы президент Пак Кын Хе төңірегіндегі сыбайлас жемқорлық дауына қатысты болып тұр. Тергеу нұсқасы бойынша Ли Чже Ён үкіметке 38 миллион АҚШ доллары көлемінде пара ұсынған. Келісім жүзеге асқан жағдайда Samsung-тің екі еншілес құрылымы бірігіп, ал Ли Чже Ённің компания топтарын бақылаудағы ықпалы күшеюі тиіс болған.
Алайда 49 жастағы кәсіпкер өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Оңтүстік Корея агенттігінің хабарлауынша, ол соттан үкімді қайта қарастыруын талап етпек.