Ресейлік саясаткер терроризмнің не себепті өршіп кеткенін айтты

/uploads/thumbnail/20170826131739276_small.jpg

Еуропада терроримзнің белең алып, кеңінен жайылып кеткеніне Германия Канцлері Ангела Меркельдің салғырттығы кінәлі дейді саясаткер Александр Камкин Sputnik радиобағдарламасына берген сұхбатында деп хабаралайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Саясаткердің пікірінше, жақын арада орын алған бірнеше теракті жайында Меркель де, өзге де билік басындағылар жақ ашпаған. Сол себепті терроризмнің әлемге кеңінен жайылуы еуропалық толеранттықтың кесірінен екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ өткен жылы неміс канцлерінің өз қатесін мойындап айтқан сөзін есіне алды. Ангела Меркель өткен жылы бір сөзінде Еуроодақтың шекаралары жеткілікті дәрежеде бекітілмегенін айтқан. Шекараның қорғанысын күшейтудің орнына немістің арнайы қызметкерлері ультра-оң және ультра-сол партиялардың арасынан «ішкі жауды» іздеп, әуре-сарсаңға салынған еді. 2010 жылда Германия құқыққорғау органдары елдегі исламшылдардың саны неміс радикалдарының жалпы санынан асып түскенін мойындаған.

«Келімсектердің жартысы – бейбітшілікті қалайтын халық емес. Еуропалық басшылардың тұйықтығының кесірінен мемлекеттің 50%-дан көп түрғыны билікке деген наразылығын айтып жүр», - деді Камкин.

Айта кетейік, Еуропадағы соңғы теракт 17 тамызда Испанияда орын алған. Барселона қаласында көлік жолдан өтіп бара жатқан тұрғындарды басып өткен. Бірнеше сағаттан кейін автофургон Камбрильстегі бір топ адамдарды басады. Одан бөлек Альканар қаласында екі жарылыс болды. Соның салдарынан 17 адам қаза тауып, 150 тұрғын ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Қатысты Мақалалар