Макронның жұбайы берген сұхбат сатылым бойынша рекорд орнатты

/uploads/thumbnail/20170828085123496_small.jpg

Elle журналының мұқабасында Францияның бірінші ханымы Бриджит Макрон шықты деп жазады Рамблер-ге сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Баспадан шыққан журналының бұл саны әлем бойынша 530 мыңнан астам көшірмесі сатылды. Бұл соңғы 10 жылдағы рекорд болып саналады. 

Журналдың он беті Бриджит Макронның сұхбатына арналған. Ол өзінің күйеуі, Франция президенті Эммануэль Макронмен қарым-қатынасы, Францияның бірінші ханымы мәртебесінің маңыздылығы туралы және Елисей сарайындағы бірінші күндері жайлы сөз қозғады.


Қатысты Мақалалар