27 тамыз күні Гамбург қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан шыққан спортшыларымыз жеңіске жетіп, өздерінің басым екендерін дәлелдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбек Муроджон Ахмадалиевпен кездескен қазақстандық Қайрат Ералиев 4:1 есебімен өзбек спортшысынан басым түсіп, жеңіске жетті. Сөйтіп ол ширек финалға шығып, 29 тамызда кездесу өткізеді.
Айта кетер болсақ, Қайрат Ералиев Рио олимпиадасында кешегі бокста кездескен Ахмадалиевтен ұтылған болатын. Алайда бұл жолы өте жақсы нәтиже көрсетті.
Сонымен қатар, қазақстандық Жомарт Ержан 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалға шыққан болатын.