АҚШ-та «Харви» дауылынан 2 адам көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170826101952754_small.jpg

АҚШ-тың Техас штатында орналасқан Хьюстон қаласында су тасқыны болып жатыр. Нәтижесінде 2000 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Су тасқынына "Харви" дауылы себеп болған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Би-би-си мәліметіне сүйеніп.

Аталған штаттың басқа да аудандарында нөсер жауын құйып тұр. Ұлттық метеорологиялық қызметтің мәліметі бойынша, қала аумағында төтенше жағдай жарияланған, мұнда көлік қатынасы қиындап кеткен.

Сондай-ақ, бес адамның қаза тапқаны туралы дерек бар. Алайда әзірге тек 2 адамның қазасы нақтыланды.

Губернатор Грег Эбботтың сөзінше, қалаға 50 см жауын-шашын түскен. Одан бөлек 40 см жауын-шашын түсуі ықтимал. Құтқарушылардың жұмысын қатты жел тіптен қиындатып жіберген. Оған қоса мыңдаған адам жарықсыз қалған. 

Қатысты Мақалалар