Ауғанстанда террорист әскерилер жасағын жарды: 13 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170828091424260_small.jpg

Ауғанстан оңтүстігінде террорист әскерилерге шабуыл жасаған. Қанды оқиға Гильменд провинциясында орын алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Росбалт-қа сілтеме беріп.

«Талибан» радикалды  қозғалысы террористік тобының содыры әскерилерге автокөлік арқылы жақындаған, содан кейін жарылыс орын алған. Террористік шабуыл нәтижесінде 13 адам көз жұмып, тағы 19-ы зардап шекті.

Айта кетейік, соңғы уақыттары Ауғанстандағы саяси жағдай шиеленісіп тұр. Елдің ауыл-аймақ пен аудандарын жаулап алған содырлар енді ірі қалаларға шабуыл жасауға көшіп жатыр.

Қатысты Мақалалар