«Көркем сөз оқу шеберлері» қалалық байқауы жарияланды

/uploads/thumbnail/20170908111047046_small.jpg

Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында және Басқарманың 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Көркем сөз оқу шеберлері» атты қалалық байқау өткізеді.

Байқаудың мақсат-міндеттері: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен  насихаттау, талантты жастарды жан-жақты көтермелеу. Көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, қазақстандық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, көпшіліктің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.

Байқаудың шарттары. Байқау төмендегідей кезеңдер бойынша өткізіледі:

  1. Қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқу;
  2. Қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу;
  3. Қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары драмалық шығармаларынан үзінді оқу.

Оқылатын мәтін көлемі 5 минуттан аспау керек, талапкерлер оқитын мәтіндерін жатқа оқулары шарт.

Байқаудың қазылар алқасы құрамына мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың ресми өкілдері енеді.

Байқаудың жүлдесі: Бірінші, екінші, үшінші жүлделі орын алғандарға тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтар, қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылады.

Байланыс телефондары: 2631527

Қатысты Мақалалар