Алматыда жанармай бағасы қымбаттады

/uploads/thumbnail/20170911150438933_small.jpg

Алматы ірі жанармай бекеті желісінде бензин мен дизель жанармайының бағасы өсті, деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агентігі.

«ҚазМұнайГаз» жанармай бекетінде АИ-92 бензинінің бағасы артты, тамыз басынан бері 144 теңгеге дейін артқан. АИ-95 бензинінің бағасы да үш теңгеге артып, 158 теңге болды, ал дизель тамыз басынан бері төрт теңгеге артып, литрі 144 теңге болған. 

Royal Petrol бекеттеріндегі бензин бағасы: АИ-92 – 145 теңге, дизель – 145 теңге, АИ-95 – 159 теңге. 

Sinоoil жанармай бекетінде бір литр АИ-92 екі теңгеге қымбаттап, 145 теңге болды. Дизель жанармайы мен АИ-95 бензині бір теңгеге қымбаттап, 144 және 159 теңгеге жетті.

Helios бекеттерінде бір литр АИ-92  145 теңгеден сатылады, дизель жанармайы — 146 теңге, АИ-95 – 159 теңге.

Ең жоғары баға «Газпром нефть — Казахстан» жанармай бекеттерінде: АИ-92 – 147 теңге, дизель жанармайы – 147 теңге, АИ-95 – 168 теңге.

Энергетика министрлігі де бұл мәселеге қатысты тұшымды жауап бермей отыр. Олар бензин бағасын қадағалау біздің жұмыс емес деп қысқа қайырды.

Деседе экономистер бағаның бұлай құбылуын жаңа жылдан бастап енгізілетін жаңашылдықтармен байланыстырып отыр. Қаңтардан бастап жанармай бекеттері арнайы есептеуіш құралын орнатуға міндеттелмек. Ол қанша бензин келіп қаншасы сатылғанын санап отырады. Көлеңкелі бизнестің алдын алуға бағытталған құрылғыны кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге алуы тиіс. Шығын көлемін толтыратын бір-ақ жол бар. Ол әрине қара халықтың қалтасы.

Айта кетсек, Алматы қаласы Қазақстанда жанармайды ең көп тұтынатын мегаполис болып табылады.

Қатысты Мақалалар